Мәзір

Өзбекстан қант өндірісіне $500 млн шетелдік инвестиция тартты

06.05.2024
Өзбекстан қант өндірісіне $500 млн шетелдік инвестиция тартты

Өзбекстанда III Халықаралық инвестициялық форум жұмысын аяқтап, жалпы құны 700 млн доллардан асатын ауыл шаруашылығына байланысты бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. Бұл туралы World of NAN ел үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Үкімет таратқан ақпарат бойынша, мысырлық «Nil Shugar» компаниясы Өзбекстанның Жызақ облысында қант қызылшасын өсіру және қант өнімін шығаруға 500 миллион доллар инвестиция құйғалы жатыр. Одан бөлек сингапурлық «Wilmar International» компаниясы Ташкент облысында құны 200 млн доллар болатын азық-түлік және кондитер өнімдерін шығару жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.

Биылғы инвестициялық форумның нәтижесінде жалпы сомасы 26,6 миллиард доллар болатын келісімдерге қол қойылған. Осыдан екі жыл бұрынғы форумда 11 миллиард долларлық құжаттарға қол қойылғанын ескерсек, елге шетелдіктердің инвестициялық қызығушылығы айтарлықтай артқаны байқалады.

Ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту Қазақстан үкіметінің де жоспарында бар. АӨК-ті дамытудың жаңа Ұлттық жоспарына сәйкес, 2028 жылға дейін ауыл шаруашылығына инвестиция көлемін 3,3 есе арттыру көзделген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии